Бұл мақалада «адамға бағдарланған» мемлекеттік басқару доктринасы
мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқын өзін-өзі реттеудің негізі ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік шиеленіс пен проблемалық аймақтардың болуы тұрғысынан ойлау формасы
ретінде институционалдық жады мемлекеттік қызметшілер мен біртұтас қоғам азаматтарының
әлеуметтік мінез-құлқын реттеуші бола алады. Мемлекеттік басқарудың жаңа моделінің негізгі
ережелері атап өтілді, оның негізгі қағидаттары арасында «Тыңдаушы мемлекет қағидасы»
бар.