Мақалада мемлекеттік қызметшінің коммуникативтік құзыреттілігін дамыту жолдары мен сөйлеу имиджін қалыптастыру және оның мемлекеттік басқарудағы рөлі қарастырылады. Сондай-ақ білікті әрі кәсіби маман қызметінің тиімділігіне коммуникативтік құзыреттіліктің ықпалы зерделенген. Сонымен қатар мақалада Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында мемлекеттік қызметшілердің коммуникативтік құзыреттілігін арттыруға арналған әдістемелер ұсынылып, іс-шараларға шолу жасалған.