Мақалада Қазақстан Республикасының маңызды салаларының бірі ауыл шаруашылығында су ресурстарын мемлекеттік басқарудың қазір-гі таңдағы жай-күйі мен өзекті мәселелеріне талдау жасалынған. Сонымен бірге талдау негізінде анықталған проблемаларды шешуге бағытталған маңызды іс-шаралар кешені қарастырылған. Ғылыми жұмыста ресми ста-тистикалық ақпарат көздеріне негізделген, экономика салаларын, ауыл шаруашылығын сумен қамту және суды пайдалануды сипаттайтын 1990, 2012, 2015, 2020, 2023 жылдардағы көрсеткіштер динамикасы кестелік си-патта көрініс тапқан. Қазақстан Республикасының аграрлық сектордағы су шаруашылығының мемлекеттік басқарудағы сызбасы өңделді және аграр-лық сектордың сумен қамтудағы мемлекеттік басқару жүйесіне SWOT-тал-дауы жасалды. Талдау нәтижесі негізінде аграрлық секторды сумен қамту және ондағы суды пайдалану бойынша негізгі мәселелер мен Қазақстан Ре-спубликасының аграрлық секторын сумен қамтамасыз етудің негізгі стра-тегиялық бағыттары айқындалды. Бұл ғылыми мақаланың мақсаты ғаламдық су тапшылығы жағдайында Қазақстан Республикасының аграрлық секторында су ресурстарын мем-лекеттік басқару мәселесін зерттеу, сонымен қатар ғылыми зерттеулер негізінде практикалық ұсыныстар мен шешімдер ұсыну болып табылады. Нәтижелері – халық шаруашылығының аграрлық секторында суды пай-далану жөніндегі отандық және шетелдік ғалымдар мен экономистердің ғылыми еңбектерінде осы тақырыптың даму дәрежесі зерттелді. Қоры-тындыларда авторлар тақырып аясындағы өзекті сұрақтарды оңтайлы шешу үшін суды тиімді пайдалануда мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту, ауыл шаруашылығы саласында суды үнемді пайдалану, сол сала-дағы жаңа білімді, заманауи инновациялық жобаларды жүзеге асыруға қа-білетті жоғары білікті кадрларды даярлауды күшейту қажет деп санайды.