Ғылыми мақала тақырыбының өзектілігі цифрлық технологиялар
саласындағы жетістіктердің электрондық коммерцияның пайда
болуы мен дамуына алып келетін әлемдік экономикалық жүйеге
өсіп келе жатқан әсеріне байланысты туындап отыр. Қазақстан
Республикасының Үкіметі цифрландыру бойынша ұлттық жобаны
іске асыру шеңберінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
инфрақұрылымын дамыту бойынша қабылдап жатқан шаралар
электрондық коммерция нарығын қалыптастыруға ықпал етті.
Мақаланың мақсаты - электрондық коммерция нарығын
қалыптастыруды талдау негізінде Қазақстан экономикасын
цифрландыру жағдайында оны дамыту тетіктерін әзірлеу болып
табылады. Бүгінгі таңда электрондық сауда тауарлар мен қызметтерді
сатып алудың ыңғайлы тәсілі ғана емес, сонымен қатар халықаралық
бизнес пен сауда үшін маңызды құрал болып табылады.
Қазіргі экономиканы қызметтің тиімділігін едәуір арттыруға
ықпал ететін IT технологияларын қолданбай елестету мүмкін емес.
Әлемдік экономикада интернет-қызметтерді қолдану электрондық
сауда деп аталатын жаңа форматтың пайда болуына ықпал етті.
Интернетте іс жүргізу кәсіпкерлер үшін өте тиімді, өйткені бұл
өндіріс шығындарын азайтуға көмектеседі және келісімшарттарға
қол қою үшін қосымша шығындарды және әлеуетті тұтынушымен
тікелей физикалық байланыстарға уақытты қажет етпейді.
Зерттеуді жүргізу үшін салыстырмалы, статистикалық,
математикалық талдаулар, ғылыми зерттеулер мен мақалаларды
талдау және жалпылау әдістері қолданылды.