Мақаланың мақсаты ғаламдық бәсеке жағдайында ұзақ мерзімді перспективада кез-келген ұйымның тиімділігін қамтамасыз етуде өзекті құрал болатын таланттарды басқару сұрағын зерттеу болып табылады. Персоналды басқарудағы талант-менеджмент ұғымы, мәні, 2022 жылғы жаһандық таланттардың бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингі қарастырылған. Таланттарды басқарудың әлемдік тәжірибесіне шолу, дарынды қызметкерлерді ынталандыру тетіктері зерделенген. Мақаланы жазу барысында ғылыми зерттеудің талдау, синтез әдістері пайдаланылды.