Аннотации:
Экономикалық тұрғыда үнемдеуге және табыс табуға, сапаның артуына, қоқыстан түскен қаржының әлеуметтік салаға жұмсауға, экологиялық мәселелерді шешуге мүмкіндік туады. 1. Тараз қаласында 400 мың халық тұрады. Әрбір тұрғын жылына шамамен 450 кг қоқыс шығарады. Бұл 160 мың тонна қоқыс. Қоқыс жинаумен 8 жеке кәсіпкер қызмет жасайды. Алайда 11 техника ғана қоқыс жинаумен айналысады. Бұл қызметтің сапасын түсіреді. Сондай ақ, қоқысты сұрыптау дамымаған. Бұған дәлел жиналған қалдықтардың тек 5% ғана сұрыпталады. 2. Біздің жоба бойынша қоқысты жинауда қызмет ету тезникасынамен бірге тұрғындардың өздері атсалысатын болады. 3. 1 кг қайта өңдеуге жарамды қоқыс үшін 50-130 теңге аралығында қаражат төленеді.
4. Қоқыс жинауда түскен қаражат коммуналдық мәселелрді шешуге: үйлердің жөндеу жұмыстарына жұмсалады. 5. Қоқыс полигондары жабылып сұрыптау цехтері ашылады.