Abstract:
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мемлекеттік басқару органдарының нормашығармашылық қызметіне жұртшылықтың қатысуының іс жүзінде
жүзеге асырылуын талдау мен осы тұрғыда дамытуды қажет ететін басымды бағыттарды анықтауда, тәжірибеде қолдануға бағытталған ұсынымдар әзірлеуде кешенді көзқарасты тұжырымдау болып табылады.
Зерттеу барысында диссертациялық жұмыстың жаңалығын анықтайтын ғылыми негізделген төмендегідей нәтижелер алынды:
– «Азаматтық/жұртшылықтық мемлекеттік басқаруға қатысу» мен «жұртшылықты/азаматтарды мемлекеттік басқаруға тарту» деген сөз тіркестерін екі түрлі ұғым ретінде қолданудың авторлық бірыңғай тәжірибесі ұсынылды;
– нормашығармашылық процеске жұртшылықты қатыстыру тетіктерінің аясын кеңейту жолдары анықталды;
– нормашығармашылық қызметтің кез-келген сатысында қатысуына мүмкіндік беретін, қатысудың үздіксіздігін қамтамасыз ететін қосымша тетіктер айқындалды;
– нормашығармашылық қызметке қатысуының тікелей (электронды емес) және жанама қатысу нысандарын жетілдірудің басымды бағыттары белгіленді;
– НҚА қабылдау барысында мүдделер теңгерімін сақтау қағидатының бұзылуының алдын-алу үшін жұртшылықты қатыстыру бөлігінде басымдылық танытуға жататын НҚА аясы анықталды;
– нормашығармашылық процесс барысында қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтарының мүдделерін қорғау бойынша өкілдік ететін мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінің ашықтығы мен жауапкершілігін арттыру қажеттілігі негізделді;
– нормашығармашылық қызметке қатысудың электронды нысанын жетілдіруде ықпал жасайтын алаңдарды толық іске қосу қажеттілігі негізделді;
– жұртшылықтың нормашығармашылық қызметке қатысуының сапалы орын алуына тұрақты кері байланыстың маңыздылығы айрықшаланды;
– жұртшылықты нормашығармашылық қызметке тарту үшін заманауи АКТ әлеуетін тиісті деңгейде қолдану бойынша ұсыныстар берілді.