Аннотации:
Мақалада Қазақстан Республикасында кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптастыру ерекшеліктері,
негізгі мәселелері мен одан әрі дамыту бағыттары қарастырылған. Қазіргі заманғы, кәсіби және дербес
мемлекеттік аппаратты қалыптастыру және оны үздіксіз жетілдіру Қазақстанның одан әрі тұрақты және
қарқынды дамуының кепілі ретінде түсіндіріледі. Ғылыми мақаладағы негізгі қорытындылар мен ұсыныстар
басты стратегиялық құжаттар: «Қазақстан-2050» Стратегиясы мен «Қазақстан-2025» Стратегиясы, сонымен
қатар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы
Жолдауларына негізделген. Аталмыш мақаланы жазу барысында ғылыми зерттеудің экономикалық талдау
әдістері, салыстыру әдістері қолданылды.