Abstract:
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалықтары:
өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, аграрлық еңбек рыногын қалыптастыру мен дамытудың мәні ашылды, аграрлық еңбек рыногын қалыптастыру және дамыту процесінде жұмыс күшін дамытудың негізгі үрдістері мен шарттары айқындалды;
аграрлық еңбек рыногын қалыптастыруға және оның дамуын бағалауға әдіснамалық тәсілдер әзірленді, олар басқа авторлардың әзірлемелерінен аграрлық еңбек рыногы белгілерінің айқындылығы мен жүйелілігімен ерекшеленеді, зерделенетін аграрлық еңбек рыныгының шетелдік тәжірибесі негізінде аграрлық еңбек рыногының негізгі еңбек ағындарының схемасы әзірленді, Қазақстан Республикасының экономикасы үшін қолайлы мемлекеттік реттеу және қолдау практикасының бірқатар ережелері айқындалды;
тіркелген жұмыссыздық деңгейі арқылы математикалық өңдеудің стационарлық емес уақыттық қатарларын зерттеу әдістерінің негізінде Ақмола облысының аудандары бойынша Ақмола облысының ауылдарында жұмыссыздық деңгейінің біркелкі төмендеуі анықталды, облыс бойынша Аграрлық еңбек рыногының проблемалары анықталды, олардың ішінде агроөнеркәсіптік кешен мен әлеуметтік инфрақұрылымның даму деңгейіне жоғары тәуелділік; аграрлық еңбек рыногын дамытудың басым бағыттары айқындалды: аграрлық еңбек рыногының әлеуетін және ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру, ауылдық жерлерде шағын бизнес пен агробизнесті және агротуризмді дамыту, сауатты көші-қон саясатын жүргізу және білім беру қызметтерін ұсынудың сапасы мен қолжетімділігін арттыру мүмкіндігін жасау;
еңбек рыногы субъектілерінің өзара іс-қимылын зерделеу арқылы экономиканың аграрлық секторының кадрларын қалыптастыруда кластерлік тәсілдің моделі әзірленді, оның мақсаты университет шығаратын жоғары, орта буын мамандарының сапалық және сандық сәйкестілігіне қол жеткізу ғана емес, сондай-ақ ауыл шаруашылығы ұйымдары қызметкерлерін үздіксіз білім беру, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, сондай-ақ еңбек рыногын білікті қызметкерлермен қамтамасыз ету болып табылады.