Abstract:
Еуропалық Одақтың да, аймақ елдерінің де мүдделерін қанағаттандыратын Орталық Азия аймағынақатысты Еуропалық саясаттың нақты контурын анықтау ұзақ уақытты қажет етіп, әлі де өзара тиімдіынтымақтастықты жүзеге асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру сатысында. Еуропалық ОдақтыңОрталық Азияға қатысты стратегиялар деп аталатын алғашқы бағдарламалық құжаттары, негізінен, аймақтағыөзінің саяси және экономикалық қатысуын қолдауға бағытталған іс-қимыл жоспарлары ғана болды. Соныменқатар, Орталық Азия елдері халықаралықаренада толыққанды субъектілер және тиісінше тең құқықтыәріптестер ретінде Еуропалық Одақпен прагматикалық өзара іс-қимылға мүдделі болған.2019 жылыЕуропалық Одақ 2007 жылғы алдыңғы құжаттың орнына келген Орталық Азия бойынша жаңастратегияны қабылдады. Еуропалық саясаткерлердің пікірінше, ол екі аймақ арасындағы қарым-қатынастыңжаңа кезеңін, олардың арасындағы өзара әрекеттесудің жетілдірілген тәсілдерін белгілейді. Мақаланыңмақсаты - Орталық Азия мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастардың жаңа трендтерін осыпроцестің екі қатысушысы тұрғысынан және Еуропалық Одақтың тиісті бағдарламалық құжаттарыныңэволюциясы тұрғысынан талдау болып табылады.