Abstract:
Ауылдық жердегі тұрғындардың цифрлық технологиялар жүйесінде, яғни мемлекеттік қызметтерді алу, білім беру, денсаулық сақтау салаларында өзіне-өзі қызмет көрсету бойынша сауаттылықтарын арттыру.
Ауылдық округте жалпы саны 1721 адам тұрады. Экономикалық белсенді халық саны 782, 171 зейнеткер, 14-29 жас аралығындаа 348 жастар тіркелген.
Осылардың ішіндегі мектеп оқушыларынан бастап, зейнет жасына дейінгі жалпы саны 950 адамның компьютерлік жүйеде жұмыс жасай білуін, мемлекеттік қызметтерді өздері ала алатын, цифрлық жүйеде жұмыс жасау қабілеттерін арттыру.
Адамдардың электронды қызмет түрлерін алу кезінде үйінен шықпай-ақ өзін-өзі қамтамасыз ету, кез-келген электронды құжаттарды мекемеге бармай смарт телефондар, компьютерлер арқылы алу, электронды жүйені қолдану бойынша іске асыру жобасы.