Аннотации:
Мақалада пандемия жағдайында Түркістан облысында егін шаруашылығын инновациялық дамыту механизмінің
элементтері мен жетілдіру жолдары келтірілген. Егін шаруашылығы ауыл шаруашылығының ең
маңызды саласы болып табылады, ол елдің азық-түлік қауіпсіздігі жағдайына әсер береді және агроөнеркәсіп
кешендері ішінде шикізат базасының дамуына ықпал етіп, дамуы үшін қызмет етеді. Алайда, бүкіл дүние жүзін
дүркіреткен пандемия Қазақстанның ауылшаруашылығының дамуына, оның ішінде егін шаруашылығының
дамуына айтарлықтай теріс әсерін тигізді. Бұл әсер саланың барлық секторында байқалды, осыған байланысты
Түркістан облысының аграрлық экономикасының дамуын инновациялық сипатта дамытпаса, жоспарлау
механизмдерін жетілдірмесе, тиімді нәтиже алуға қиындыққа соғатыны күмән келтірмейді. Отандық егін
шаруашылығы дамуының қазіргі сатысының ерекшеліктері болып, оның материалды-техникалық базасының
тозуы, саланың төмен инвестициялық потенциалы, өндірістік-қаржылық тәуекелдердің жоғары болуы
және жер алқаптарының қанағаттанарлықсыз күйі, ұрық шаруашылығы жүйесінің дамымағандығы, салааралық
айырбастың баламасыздығы табылады. Мұның барлығы, егін шаруашылығын инновациялық дамуын
жоспарлаудың басымдықты бағыттарын өз уақытында негізделуін, сонымен бірге, олардың жүзеге асырылуында
кешенді экономикалық бағалаудың қажеттілігін көрсетеді. Аймақтық, республикалық және әлемдік
агроөнеркәсіптік нарықтардағы пайда болған техникалық-технологиялық және биологиялық инновацияларды
енгізудің әдістемелік сұрақтары терең зерттеуді талап етеді. Сонымен қатар пандемия кезінде агроөнеркәсіп
саласындағы басқару органдарының қызметтерін өгерту қажеттігі туындауда. Осы мәселелерге байланысты
берілген жұмыста ауыл шаруашылығы саласындағы басқару органдарының басқару құралдарын жетілдіру
бойынша мәселелеріне көп көңіл бөлінген.