Аннотации:
Қазақстан Республикасы өңірлерінің даму деңгейлерін
саралау өте ауқымды және тұрақты процесс. Жалпы ішкі өнімді
өндіру құрылымы өңірлік үйлеспеушілікпен, ел аумағы бойынша
өндіріс күштерінің орналасуының бірқалыпты еместігімен және
өңірлердің дамуының түрлі деңгейлерімен анықталады.
Тәуелсіздік жылдары мықты минералды шикізат базасы бар
өңірлер елдің жалпы ішкі өнімінде өздерінің үлестерін көбейтті.
Ауылшаруашылық, тағам және жеңіл өнеркәсіп өндірісіне
мамандандырылған облыстар өз позицияларын біраз азайтқан бо-
латын.
Жалпы өңірлік өнім негізгі макроэкономикалық көрсеткіш бо-
лып табылады. Ол өңірдің экономикалық дамуының деңгейін си-
паттайды, оның экономикалық әлеуетін көрсетеді. Өңірлік өнім
көрсеткішінің өсуі ішкі, сондай-ақ сыртқы инвесторлар үшін
өңірдің инвестициялық тартымдылығы жоғары екендігін көрсетті.
Қазақстан Республикасы бойынша жалпы өңірлік өнімнің
қарқыны 2000 жылға дейін реформалаудың барлық жылдарында
төмендегенін дәлелдейді. Солай болса да, кейбір өңірлерде оның
өсімі оң мәнге ие болды.