Аннотациялар:
Қазіргі заманғы мектеп дамуда, мұғалімдер оқу процесін жандандыруға және қарқындатуға көбірек көңіл бөлуде. Педагогикадағы ойын технологиялары балаға жеке қызығушылық танытып, топта жұмыс стей білуге, сол арқылы өзін жауапкершілікке тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Шет тілін оқытуда ойындарды қолдану қажет, өйткені бұл жай ойын-сауық құралы немесе танымдық материалды ұйымдастырудың тәсілі ғана емес, сонымен бірге баланың жан-жақты дамуы оның мінезін қалыптастыруға көмектеседі.