Аннотации:
.Мақалада мемлекеттік басқару жүйесінде шешім қабылдау үдерісіне азаматтарды тартудың қазіргі
заманғы жаңа түрі ретінде интернет-алаңдарды, соның ішінде краудсорсингті пайдалану мен дамытудың
әлемдік тәжірибесі қарастырылған. Авторлар Австралия, Исландия, Тайвань, Оңтүстік Корея, Еуропалық
Одақ, Финляндия, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Латвия, Эстония мысалдарын келтіру арқылы краудсорсинг
технологиясының іс-жүзінде жүзеге асуын және тиімділігін көрсеткен. Сондай-ақ краудсорсинг негізгі түрлері,
олардың әр елдегі ерекшеліктері мен жүргізілу жолдары, онлайн-петиция институттары сияқты түрлеріне
назар аударылған. Билік шешім қабылдау үдерісіне азаматтарды тарту арқылы бірқатар альтернативті
шешімдер алады, және тұрғындардың саяси шешімдерді қабылдаудағы жауапкершілігін арттырады деген
қорытынды жасалған.