Аннотации:
Қазақстанның қазіргі уақыттағы экономикалық жағдайларға байланысты аймақтық дамуын басқару мәселелері
Қазақстандық аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының тиімді стратегияларын қалыптастыру және
іске асыру бойынша жұмыстардың маңыздылығын қайта көрсетіп отыр. Аймақтардың дәстүрлі әдістер негізінде
жасалған даму стратегияларының соңғы қорытындылары көп жағдайда жоғары жетістіктерді көрсетпейді
және жаңа әдісті, яғни стратегияны аймақтық кластерлер негізінде қалыптастыруды талап етеді. Жаһандану
үрдісінде кез-келген аймақ үшін тұрақтылық пен экономикалық тәуелсіздіктің маңызды шартына оның ішкі
ұйымдастырылуы және жеке салалардың сыртқы жағдаяты мен инновациялық саясат құралдары есебінен
жылдам бейімделгіштігі жатады. Аймақтардың бәсекеге қабілеттілігі оларда қолданылатын экономикалық
қызмет субъектілердің тиімділігіне негізделген. Сондықтан кластерлік тәсілдеме, дәстүрлі салалық, өндірістік
саясатқа балама ретінде аймақтың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың тиімді құралы болып табылады. Осы-
ны ескере отырып, берілген мақалада кластерлердің жалпы ерекшеліктерімен қатар Қазақстандағы кластерлік
даму саясатының артықшылықтары, дәнді-дақыл кластерлерінің қазіргі уақытта тәжірибеде қолданылған
модельдері қарастырылды. Сонымен қоса, Солтүстік Қазақстан облысындағы трансакциялық шығындар
талданып, Қазақстанның кластерлік дамуының моделі және оны жүзеге асырудан пайда болатын әсерлер
қарастырылды.