Аннотации:
Автор келесідей
теориялық, әдіснамалық және тәжірибелік нәтижелерді ұсынады:
- Қазақстан Республикасында квазимемлекеттік сектор құрылымы
жасалып, оның даму кезеңдері анықталды;
- экономиканың квазимемлекеттік секторына жатқызылатын әлеуметтік-
кәсіпкерлік корпорацияларды басқарудың әлемдік тәжірибесі зерттеліп,
Қазақстанға тиесілі модель анықталды;
- Қазақстан Республикасында квазимемлекеттік секторды мемлекеттік
басқарудың негізгі мәселелері айқындалды;
- «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ операциялық іс-әрекетіне талдау жасалып,
оны стратегиялық басқарудың сандық және сапалық индикаторларына баға
берілді;
- Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік сектор субъектілерін
стратегиялық басқару бойынша және «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ іс-әрекетін
жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленіп, апробацияланды.