Abstract:
Диссeртaциялық зeрттeу бaрысындa aвтoрмeн aлынғaн нeгізгі ғылыми
нәтижeлeр:
Сақтандыру нарығының қызметтеріне терең талдау жүргізу негізінде
автормен Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығы үшін айрықша
қызметтері айқындалды: қорғаныс, алдын алу (превентивті) және
инвестициялық. Оның ішінде қорғаныс қызметі айрықша маңызға ие.
Диссертациялық зерттеу барысында 3 кезеңнен тұратын Қазақстан
Республикасының сақтандыру қызметінің дамуын реформалаудың қолданыста
болған топтамасы қарастырылды. Сақтандыру нарығын мемлекеттік басқару
механизмінде болған өзгерістермен және толықтырулармен байланысты,
автормен Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметін дамыту
кезеңдерінің топтамасы тағы екі қосымша кезеңмен толықтырылды.
Диссертациялық жұмыста сақтандыру сыйақыларының өзгерісіне тікелей
әсер ететін факторларды, дәлірек айтқанда, тұтынушылық несиелендіру көлемі
мен автокөлік санын, анықтайтын экономико-математикалық модель құрылды.
Сақтандыру нарығындағы интеграциялық үдерістердің басты мақсаты –
Қазақстанға алдыңғы қатарлы сақтандыру технологияларын тарту,
қазақстандық сақтандырушылардың өспелі сұранысы талабына сәйкес келетін,
сапасы жоғары және әртүрлі сақтандыру өнімдерін енгізу. Бұл тұрғыдан
Қазақстан интеграциялық үдерістерге жете дайындалуы қажет. Осы мақсатпен
диссертациялық жұмыста интеграция жағдайында ұлттық сақтандыру нарығын
қорғау ұсыныстары әзірленді.