Аннотациялар:
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мынадай нәтижелермен сипатталады:
- мемлекеттің аса маңызды функциясы ретінде «мемлекеттік қызмет көрсету» санатының экономикалық және әлеуметтік аспектілері тиянақты зерттелді;
- әкімшілік реформаны іске асыру процесіне авторлық талдау жүргізіліп, мемлекеттік қызметтер көрсету факторын толық есепке алу бойынша ұсыныстар жасалды;
- жүйелік қойылым бойынша мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын басқару процестерінде өзара байланыс жасау кестесі ұсынылды;
- стандарттар негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтер көрсетуді бағалау әдістемесі мен үлгілері ұсынылды;
- мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалауға талдау жүргізілді;
- қолданбалы маңызы бар ұсынымдар әзірленді.