Аннотациялар:
Бұл мақалада Қазақстанда шектеулі бюджеттік қаржыландыру жағдайында инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тетігі қарастырылады. Қаржыландырудың дәстүрлі әдістеріне (дәстүрлі бюджеттік инвестициялық бағдарламалар (БИБ) және мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) тетіктері) негізделген қаржыландырудың қолданыстағы тәсілдері талданып, соның негізінде осы саладағы негізгі мәселелер анықталды: ұзақ келісу, басқарудың төмен тиімділігі, жобалардың құнын елеулі түзету және жеке инвесторлар тарапынан мемлекеттік институттарға қатысты сенім деңгейінің төмендігі. Айқындалған мәселелерді шешу үшін инфрақұрылымдық жобалардың тиімділігін едәуір арттыруға және іске асыру мерзімдерін қысқартуға, мемлекет үшін қаржылық тәуекелдерді азайтуға, сыртқы қаржыландыруды тартуға, сондай-ақ жобаларды басқару сапасын арттыруға мүмкіндік беретін құралдар ретіндегі EPC (Engineering, Procurement and Construction) және EPC+F (Еngineering, Рrocurement, Сonstruction + Financing) келісімшарттарын енгізу ұсынылады