Аннотации:
Конференция материалдарының жинағында мемлекеттік қызмет персоналын басқару саласындағы озық тәжірибемен алмасу, инновациялық шешімдерді әзірлеу арқылы адами капиталды стратегиялық басқару және мемлекеттік басқару жүйесінде адамға бағдарланған құндылықтар мен ұйым мәдениетін дамыту мәселелері талқыланатын мақалалар ұсынылған.
Жинақ кең ауқымды оқырмандарға арналған: HR-мемлекеттік органдардың басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, мемлекеттік, квазимемлекеттік және жеке компаниялардың басшылары, университеттер, ғылыми-зерттеу институттары, зерттеушілер, магистранттар мен докторанттар, HR-компаниялар және басқа да мүдделі тараптар.