Аннотации:
Кейстер жинағы 2023-2024 ж. «Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды жаңғырту жағдайында ауылдық округтердегі, кенттердегі, ауылдардағы және аудандық маңызы бар қалалардағы жергілікті басқару» жобасын және Ханнс Зайдель Қоры мен ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы арасындағы Келісімді іске асыру шеңберінде дайындалған. «Қазақстандағы жергілікті басқару субъектілерінің жұмысына арналған кейстер жинағы» жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару өкілдеріне ұсынымдық құрал болып табылады. Басылым аудандық маңызы бар қалалар, ауылдық округтер, кенттер мен ауылдар әкімдерінің қызметі процесінде туындайтын мәселелерді және оларды шешудің мүмкін жолдарын сипаттайды. Құрал ауылдық аумақтардағы жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару саласына қызығушылық танытатын оқырмандарға пайдалы әрі қызықты болады.