Abstract:
Бұл оқу құралы Қазақстан Республикасының ҚР СТ ISO 21502-2022 «Жобаларды, бағдарламаларды жəне портфельдерді басқару. Жобаларды басқару бойынша нұсқаулық» Ұлттық стандартының негізінде әзірленген және «Жоба басшысы» біліктілік деңгейіне емтиханға дайындалуға арналған құрылымдалған нұсқаулық болып табылады. Онда жобаларды басқару әдіснамасын меңгеру үшін қажетті стандарттың негізгі ережелері қамтылған. Оқу құралы профессор-оқытушылар құрамына, тренерлерге, студенттерге, магистранттарға, сондай-ақ жоғары оқу орындары мен жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларының тыңдаушыларына арналған.