Abstract:
Мақалада бюрократияның тарихи-теориялық мәні және оның мемлекеттік басқару жүйесіндегі ерекшелігі қарастырылады. Бюрократияның жақсы және теріс жақтары қарастырылған Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік басқару жүйесіндегі бюрократиялық шығындарды азайтуға және жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік басқаруды бюрократиясыздандыру технологияларын әзірлеу қажеттілігі негізделген. Бюрократияның қазіргі тенденциялары анықталды, сонымен қатар бюрократияның теріс салдарын азайту жолдары анықталды. Республикалық деңгейде жүргізілген фокус-топтар жұмысының Ақтөбе облысы бойынша қорытынды талдау материалдары келтірілген. Нәтижесінде арнайы әзірленген сұрау қорытындысы бойынша нақты мәселелер жәнеоны шешу бойынша ұсыныстар берілген.