Аннотации:
Мақалада ұстаздардың эмоциялық күйзелістерін зерттеу нәтижелері берілді. Мұғалімдердің кәсіби күйзеліс көріністерінің эмоциялық белгілері, мінез-құлықтық белгілері, интеллектуалдық белгілері және әлеуметтік белгілері сипатталды. Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік маңызы – психологиялық иммуниза-цияны қамтамасыз ететін жеке ресурстарды белсендендіру арқылы кәсіби күйзелістің алдын алу тәсіл-дерінің жасалып, ұсынылуында. Сынақ жұмыстарына Жамбыл облысының педагогтары қамтылды. Мақсатты топ таңдаған өзін-өзі реттеу дағдылары – аффирмация, медитация, аутотренинг, ребефинг сынды психотехникаларды қолдану жоғары тиімділік көрсетті.
Мақалада жақсы әрі өнімді еңбек қабілетінің кепілі ретінде белсенді демалыс, саяхат, шығармашы-лық, жоғары саналылық және жанның алхимиялық өзгерістері талданды. Мұғалімнің еңбек жолында кездесетін кәсіби күйзелістің іс-тәжірибенің жаңа кезеңіне ауысу түрткісі немесе өсу баспалдағына итермелейтін мүмкіндік, сондай-ақ өзгерістер әлеміне жетелейтін сынама сәт екендігі негізделді.