Аннотации:
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік басқарудың негізгі әлеуметтік буыны болып табылады және
елдің жоғары басшылығының еркін және халықтың қалың жігінің мүдделері мен қажеттіліктеріне негізделуі
тиіс биліктің нормативтік белгіленген талаптарын іске асырады. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметі қоғамдық өмірді реттеуден тұрады, осыған байланысты мемлекеттік қызмет атқару мемлекеттік қызметшілердің әрқайсысына бүкіл мемлекеттік аппараттың жоғары репутациясын қамтамасыз ету үшін сақталуы тиіс қатаң талаптар қояды. Бұл мақалада «ұйымдық репутация» құбылысын түсінудің негізгі тәсілдері
сипатталған. Сондай-ақ, мақалада мемлекеттік қызметшілердің репутациясына әсер ететін негізгі факторлар
қарастырылады. Мақаланың мақсаты мемлекеттік аппараттың ұйымдық репутациясын қалыптастырудағы
мемлекеттік қызметшілердің рөлін айқындау болып табылады. Әлеуметтік сауалнама әдісімен Қазақстан
Республикасының мемлекеттік аппараты мен мемлекеттік қызметшілерінің ағымдағы репутациясы айқындалды. Жүргізілген социологиялық зерттеу мемлекеттік қызметшілердің репутациясы бүкіл мемлекеттік
аппараттың репутациясына тигізетін әсерін анықтады. Мемлекеттік қызметшілердің репутациясын сақтау
арқылы мемлекеттік аппараттың оң репутациясын қалыптастыру мемлекеттік аппаратты дамытудың ажырамас
бөлігі болып табылады, өйткені ұйымның оң репутациясы өз қызметін табысты жүргізуге мүмкіндік беретін
бірегей қасиеттері мен қабілеттеріне ие екендігінің дәлелі болып табылады.