Аннотациялар:
Зерттеудің мақсаты – төртінші деңгейдегі бюджетті басқару механизмі ретінде фискалдық орталықсыздандырудың рөлі мен маңыздылығын, негізгі проблемаларын анықтау. Фискалдық орталықсыздандыру көмегімен дербес бюджеттің салық салынатын базасын арттырудың мүмкін тетіктерін
айқындау.
Зерттеу әдіснамасы. Жалпы зерттеу үшін теориялық зерттеу әдістері, талдау және синтез, жүйелік
тәсіл қолданылды. Қазақстанда дербес бюджет кірістеріне талдау жүргізу үшін сапалы және сандық
зерттеу әдістерін пайдалана отырып, экономикалық талдау (көлденең және тік талдау) пайдаланылды.
Зерттеу бірегейлігі / құндылығы. Фискалдық орталықсыздандыруды төртінші деңгейлі бюджетті
басқару тетігі ретінде талдау, 2019-2021 жылдардағы Қазақстандағы төртінші деңгейдегі бюджет кірістеріне талдау жүргізілді, мемлекеттік және жергілікті басқару органдарына жүктелген басымдықтар,
құзыреттер мен жауапкершіліктер қаралады. Орталықсыздандыру бойынша реформалаудың негізгі
бағыттары және төртінші деңгейдегі бюджетті басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар
анықталды.
Зерттеу нәтижелері. Осы көпқырлы үрдісті жүзеге асыру нәтижелеріне негізделген нақты тұжырымдар ұсынылады. Биліктің кез-келген деңгейінің тиімді жұмыс істеуінің негізгі шарттары: есеп
беру, ашықтық және бақылау; нақты анықталған өкілеттіктер мен функцияларға ие болу; тұрақты кіріс
көздері бар жеке бюджеттің болуы; меншікке ие болу.