Abstract:
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жаһандану үрдісі әкелген жаңа құбылыс
әралуандылықты басқару бойынша халықаралық тәжірибені зерделеп,
мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Ғылыми жаңалығы: Осы ғылыми жобаның аясында әлем елдерінде
белең алған жаңа үрдіс әралуандылықты басқару жүйесі зерттелді. Сонымен
қатар шетелде жүрген қазақстандық азаматтардың басқа қоғамға кірігу
әрекеттерін анықтау үшін сауалнама алынды. Жаһандану үрдісінің
мультикультурализмге әсерін белгілеу мақсатында, сондай-ақ тәжірибелік
ұсыныстарды әзірлеу үшін сарапшылық сұхбаттар жүргізілді.