Abstract:
Мақалада электр энергетикасы мысалында әлемдегі жаңартылатын энергия көздерін орналастырудың географиялық және табиғи факторлары қарастырылады. Сондай-ақ автор өңірдің экологиялық, экономикалық және технологиялық дамуына ықпал ететін жаңартылатын энергия көздері негізінде энергетикалық қуаттарды құрудың, жалпы өндіріс көлемін және энергия балансындағы жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арттырудың алғышарттарын қарастырады. Мақала авторымен жаңартылатын энергия көздерінің қазіргі жағдайы, жергілікті деңгейде дамыту саясатын іске асыру және оның өңір экономикасына тигізетін мүмкіндіктері қарастырылған.