Абай мұрасы мен өнегесі заман мен қоғам өзгерсе де өзектілігін жоймаған тақырып. Ұлы ақынның
«Адам бол» идеясы ғаламда адамдық пен адамгершіліктің, сабырлық пен төзімділіктің,парасаттылықтың
формуласына айналып отыр. Ақын мұрасынан мемлекеттік қызметкерге тән тәртіп пен этиканы, құзыреттерді
танытатын мысалдарды көптеп кездестіруге болады. Мақалада мемлекеттік қызметшілердің бірыңғай
шеңберінде қарастырылатын: парасаттылық, жауаптылық, күйзеліске төзімділік, стратегиялық ойлау,
ынтымақтастық және өзара іс-қимыл құзыреттері Абай шығармалары негізінде бүгінгі мемлекеттік қызметшінің
көзқарасымен талданады. Зерттеу жетістіктері мен негізгі қорытындылары мемлекеттік қызметшілердің тілдік
құзыреттерін дамытуға арналып жүргізілген филиалдағы эксперименттік жұмыстардың және семинартренингтердің нәтижесінен алынды. Абай даналығы әрбір отандасымызға үлгі.