Мақалада адам ресурстарын басқарудағы еңбек күшіне сұраныс пен ұсынысты жоспарлаудың маңыздылығы ашылған. Елімізде адам ресурстарын басқару әлемдік стандарттарға сәйкестендіріліп, 2018 жылдан бері Адами ресурстарды басқарудың Ұлттық стандарттары бекітіліп, қазіргі кезде оны тек бизнес саласына ғана емес, мемлекеттік басқару саласына енгізіліп жатқаны сипатталған. Қазақстан республикасы және Ұлытау облысы бойынша еңбек нарығына талдау жасалып, адам ресурстарын басқарудағы кемшіліктер анықталды. Адам ресурстарын дұрыс жоспарлауда цифрлық технологиялардың енгізілуінің әсері де талданып, елімізде адам ресурстарының сұранысы мен ұсынысын жоспарлауды жетілдіруге ұсыныстар жасалды.