Мақалада қазақстандық қоғамдағы мемлекеттік басқарудағы адалдық пен әділеттілік мәселелері сөз болады. Адал азамат ұғымын терең зерделей отырып, Абай даналықтарына басымдық жасаған. Әр қоғамның адалдығы жайында өзіндік түсінігі бар. Адал азамат – мемлекет мүдделеріне, халқына, ел мұратына адалдығымен, іс-әрекетімен қолдау көрсететін тұлға. Мемлекеттік қызметтегі адалдық пен әділдік қоғам мүдделерін ұлықтауға және азаматтардың сенімін ақтауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етеді. Үйлесімді, әділетті әрі тұрақты қоғам құру ісін жалғастыру басты мақсаттар екендігі айтылған. Сондай-ақ, қоғамды еңбекке баулуда сөз болып отырған құндылықтарға басты ұстаным ретінде маңыздылық берілген.