Мақалада қоғамдық сенімнің елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылығындағы маңыздылығы қарастырылады. Қоғамдық сенімнің жоғары деңгейі – халық арасындағы бірлік пен тұрақтылықты арттырып, мемлекеттік құрылымдарға деген оң көзқарас қалыптастырады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатында қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы туралы және тұжырымдаманың қоғаммен кері байланыс орнатуда өзекті алғышартқа айналуының негізгі себептері келтірілген. Сонымен қатар, мақалада шетелдік тәжірибелер, Ресей, Швеция мен Жапония қоғамдық сенімді арттырудың тиімді әдістері үлгі ретінде қарастырылған. Мақала қоғамдық сенімді арттыруға бағытталған стратегияларды саралап, оның мемлекет пен азаматтар арасындағы диалогқа тигізетін әсерін анықтауға бағытталған.