Таланттарды басқару Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органның адами ресурстарын стратегиялық дамытудың маңызды элементі болып табылады. Бұл мақалада таланттарды басқарудың негізгі тәсілдері қарастырылады, Мемлекеттік қызметті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының басымдықтары айқындалады, сондай-ақ Қазақстандағы мемлекеттік қызметтің жай-күйі туралы Ұлттық баяндаманың түйінді деректері талданады. Халықаралық тәжірибеге қысқаша шолу таланттарды басқарудың өзекті тәсілдерін атап өтуге мүмкіндік берді.