Мақалада мелекеттік қызметшілерге жаңа технологиялар арқылы мемлекеттік тілді оқыту әдіс-тәсілдері мен олардың тиімділігі қарастырылады. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді меңгеруі – қоғамның тұтастығын қамтамасыз ететін, ұлттық бірлікті нығайтатын маңызды факторлардың бірі. Халықпен тиімді қарым-қатынас орнатуға, ресми құжаттарды сапалы жүргізуге, мемлекеттік ақпараттың қолжетімділігін арттыруға ықпалын тигізеді. Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялардың дамуы мемлекеттік тілді оқытудың инновациялық әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқу әдістерінен ерекшеленетін цифрлық оқыту тәсілдері икемді, қызықты әрі қолжетімді оқу ортасын қақамтамасыз етеді. Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді оқытуда жаңа технологияларды пайдалану олардың тілді меңгеру жылдамдығын арттырып, мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл технологиялар тек тілді үйрену процесін жеңілдетіп қана қоймай, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға да оң әсерін тигізеді.