Оқу құралында кәсіби-тұлғалық дамудың және өмірлік мақсаттарға қол жеткізудің психотехнологиясы ретінде коучинг-процестің мәні туралы түсініктер баяндалады. Кәсіби қызмет бағыттарының қолданыстағы алуан түрлілігінде неғұрлым табысты бағдарлау үшін қазіргі заманғы түрлерімен, нысандарымен, базалық әдістерімен және коучинг модельдерімен таныстырылады. Коучингтің негізгі кезеңдері, рәсімдері және қағидаттары және клиент пен коучтың өзара іс-қимылын дамытудың жалпы логикасы қарастырылады.
Оқу құралы психологиялық білімге қызығушы қауымға және мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби дағдыларын дамыту туралы білімдерін өз бетінше кеңейтіп, тереңдетіп, осы білімді пайдалануды үйренгісі келетін мемлекеттік қызметкерлер үшін пайдалы болуы мүмкін және мемлекеттік қызметкерлер мен магистранттарға арналған.