Мақала мемлекеттің саяси жүйесінде әлеуметтік бақылаудың даму ерекшеліктеріне арналған.
Мақала авторлары әлеуметтік бақылау органдары мен мемлекеттік органдардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік
беретін саясатты әзірлеу және іске асыру үдерісінің әртүрлі кезеңдерін зерттеген.
Әдісі: Зерттеудің жалпы ғылыми әдістері мен салыстырмалы талдаудың көмегімен саясатты жоспарлау
және жүзеге асыру, саяси бастаманың заңдылығын, сапасын, түсінігін және ұзақ мерзімді қолданылуын арттыру үшін әлеуметтік бақылауды қолдану қажеттілігі туралы қорытындылар жасалған.
Қорытынды: Мақалада мемлекеттік саясат жүйесіндегі әлеуметтік бақылау институттарының субъективтілігі туралы мәселені шешуге баса назар аударылады: оларды сәйкестендіру, ынтымақтастық нысандары, функцияларды, жұмыс қағидаттары, тиімділік талаптары мен әлеуетін сипаттау.
Тұжырымдама: Әлеуметтік бақылау заңдарға сәйкес мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында жүзеге
асырылады. Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын барлық субъектілер әлеуметтік бақылау объектісі
болып табылады. Әлеуметтік бақылау логикасы азамат пен мемлекет арасында делдалдық институттар құруға
негізделген. Мемлекеттік саясат жүйесін одан әрі жетілдіру үшін әлеуметтік бақылау институттарын цифрландыру келешектерін және осы қызметтің тұтастай алғанда мемлекеттік басқару жүйесінің жұмыс істеу тиімділігіне әлеуетті әсерін зерделеу қажет.