Abstract:
Мақалада нарықтық экономика жағдайында отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көтеру
маңыздылығы мен оның мәселелері ашып көрсетілген. Елімізді жаһанға тәуелсіз ел екенін танытып болдық,
ендігі кезекте бір орында тұрып қалмай әрі қарай даму қажет. Ол үшін әлемдік нарықта өз үлесімізді
арттыру керекпіз. Мұндай жағдайларға мақалада айтылғандай отандық кәсіпкерлерімізді қолдау, отандық
өнімнің бәсекеқабілеттілігін арттыру арқылы қол жеткіземіз. Ғылымды дамыту және оған жұмсалатын
шығындарды реттеу, тиімді инновацияларды енгізу, кәсіпорындардың технологиялық деңгейлерін көтеру,
отандық кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау, дұрыс инвестициялық саясат жүргізу сияқты экономиканы
көтерудің маңызды тетіктері мақалада баяндалған. Жаһандану процесінен ешбір ел тысқары қалмайды,
сондықтан сол елдердің арасында алдыңғы қатарда болуға ұмтылу керекпіз.