Abstract:
Адамзат тарихи дамудың жаңа кезеңіне аяқ басқанына қарамастан, архаизм белгісі ретінде белгілі
болған әртүрлі ұлттық фобиялардың қазіргі кезге дейін бар екендігін айта кеткеніміз жөн. Осыған байланысты
әлемдік саясатта кездесетін тенденциялардың бірі ретінде белгілі синофобия мәселесіне тоқталғымыз келеді.
Белгілі бір ұлт алдындағы үрей немесе оны негативті бағалау мәселесі тарихта көп екендігін білеміз, алайда
қазіргі саяси ғылымда маңыздылығы артып тұрған фобиялардың ішінде синофобия біздің саяси ғылым үшін
өзекті деп айтуға толықтай негіз бар. Әлемде әлі күнге дейін бәсеңдемеген COVID-19 пандемиясы, осы
синофобтық тенденциялардың күшеюіне бірден бір себеп болды. Әрине синофобия бұрыннан бері келе жатқан
үрдістердің бірі екені белгілі. Осы мақалада біздер синофобияның туындауы, оның ерекшелігі мен тарихи
эволюциясына қатысты талдау жасауға ұмтылдық. Сонымен қоса синофобияның даму тенденциясы мен ұлттық
қауіпсіздік мәселесіне әсеріне тоқталғымыз келеді. .