Abstract:
«Жастар ресурстық орталығы» ғимаратында жастардың сұранысына ие барлық салалар қамтылған. Мұнда іс-сапармен келгендер үшін де 1 күндік офис қызметін атқара алады. Жастар өзі қалаған форматта жұмыс жасауға толық мүмкіндіктер қарастырылған. Коворкингте сөйлесу алаңы, кітап оқу бөлімі, 6-12 адамға арналған жиналыс өткізу орындары, үлкен жиындарды, тренингтер мен семинарларды арнайы мәжіліс залында өткізуге болады. Өз техникасы жоқ жастарға арнайы компьютермен жабдықталған жұмыс үстелдері пайдалануға беріледі. Бұл жерде келіссөздер, интервьюлер жүргізуге болады.Талғар ауданында 2 га жер көлемін алып, Көпфункционалды,заманауи, жаңа үлгідегі Жастар ресурстық орталығын салу.