Abstract:
Мақалада Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесі ғалымдар тобының 2013–2015 жылдары жүргізген әлеуметтік зерттеулерінің негізгі нәтижелері
қарастырылды, сондай-ақ қоғамның Ассамблея қызметінің мақсаты
мен міндеттері туралы пікірі берілді. Зерттеу нәтижелері Ассамблея қызметіне сұраныстың өте жоғары екендігін көрсетті. Бұдан
бөлек, мақалада «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының «Бірегейлік
пен бірлік» төртінші реформасын жүзеге асырудағы ҚХА-ның рөлі
талданып, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту жолындағы
жаңа тәсілдер мен бағыттар белгіленді.