Abstract:
Мақалада кəсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудің нарықтық механизмдері
зерттелген. Қазіргі экономикада кəсіпорындардың қайта құрылу да сапалы жаңа талаптарға сай
қаржылық тұрақтылықты басқару əдістеріне негізделген. Қолжетімді ақпараттар негізінде
кəсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау əдістері қарастырылған. Кəсіпорынның қаржылық
тұрақтылығының деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер анықталған. Кəсіпорынның қаржылық
тұрақтылығына əсер ететін факторлар зерттелген. Қазіргі кезеңде кəсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын бағалау ерекшеліктері анықталған.