Abstract:
Мақалада орта мектептің білім беру кеңістігінде сапаны дамыту үрдісі жəне оның заманауи
психологиялық концепциялары қарастырылды. Білім беру ұйымдарындағы сапаны бағалау үрдісі
халықаралық тəжірибелер контексінде талқылана отырып, «тиімді мектеп», «тиімді сынып»,
«тиімді пəн» тұрғысында зерттеу маңызы талданды. Сапа дамуының заманауи концепциялары оның
негізіне қаланған басты ерекшелік – тұлғаның психологиялық даму факторы болуымен құнды екені
дəлелденді. Мұндай ортақтық жалпы адамзат баласының дамуына тəн негізгі құндылықтармен
қатар, білім беру саласына да қатысты ортақ заңдылықтарға байланыстылығы түсіндірілді.