Abstract:
Мақалада білім беру ұйымдары педагогтарының кәсіби біліктіліктерін арттыру арқылы оларды инклюзивті білім беруге даярлау жолдары ұсынылды. Қазіргі Қазақстан жағдайында баршаның сапалы білім алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз етудің әдістемелік мәселелері айқындалды. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптары аясында оқушылардың білім бағдарламаларын меңгеру ерекшеліктеріне байланысты, оқу материалдары мен ресурстарын бейімдеу мәселелерінің өзектілігі қарастырылды.