dc.description.abstract |
Диссертациялық зерттеудің ғылыми жаңалығы төмендегідей:
1. Инновациялық өнім ретінде прокторингтік жүйенің маңызды сипаттамалары айқындалды, олар: қашықтан қол жеткізу жағдайында білімді бақылау сапасын жақсартудың базалық (жаңа) технологиясы; анық оң экономикалық, тәрбиелік, әлеуметтік әсерлер; оқу процесіндегі оң әсер – білім сапасы, жауапкершіліктің және бақылаудың күшеюі; прокторинг процесін жетелейтін арнайы оқытылған қызметкерлердің болуы; өзін-өзі өтеу мүмкіндігі.
2. Ресейлік, америкалық, қазақстандық прокторингтік жүйелердің кезеңдері, негізгі компоненттері, техникалық сипаттамалары бойынша талдау нәтижелері құрылымдалған және оларды қолдану тәуекелдері анықталған.
3. Көп факторлы корреляциялық-регрессиялық модель негізінде Қазақстанның инновациялық даму факторларының әсері бағаланды және олардың елдегі инновациялардың дамуына ықпал етуінің оң тренді айқындалды.
4. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің білім беру алаңында жүйені пайдалану бойынша студенттердің сауалнамасы, алынған баға мен уақытты есепке алып, автоматты прокторингті қолдана отырып және прокторингсіз қашықтықтағы форматта емтихан тапсыру бойынша эксперимент нәтижелерінің деректерін өңдеу негізінде прокторингтік жүйені пайдаланудың орындылығы мен тиімділігі негізделген.
5. Прокторингпен емтихан тапсырудың бизнес-процесі және оңтайландыру, енгізу үшін оның негізгі компоненттерін құрылымдау негізінде прокторинг өнімін құру сызбасы сипатталған.
6. Прокторингтік жүйені құру құны балама шығындарды есептеу негізінде бағаланды, ЖОО-да (С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті) оны әзірлеу, енгізу және және бұлтты қызмет түрінде құру, одан әрі іске асыру сатысында тәуекелдерді бөле отырып, басқа да білім беру мекемелерінде пайдаланудың экономикалық тұрғыдан орынды модельдері ұсынылды.
7. Бейнені тану компонентіндегі өнімді прокторингтің нейрондық желілік модельдерін бейімдеу оны әзірлеу және іске асыру процесін оңтайландыру үшін жүргізілді. |
en_US |