Abstract:
Коронавирус дағдарысына байланысты мемлекет реакциясынан хабар беретін ақпараттарды зерттеу нәтижесінде белгілі болғандай, қоғам қажет ақпаратты іздеп табу үшін көбіне интернет порталдарға, мемлекеттік органдар сайттарына, мемлекеттік құрылымдардың әлеуметтік желілердегі парақшаларына, ақпараттық бюллетендерге, SMS-хабарларына жүгінеді. Дер кезінде ақпарат тарату үшін де әдетте осы арналар жұмсалады. Бұдан бөлек, уақытында ақпарат беру мақсатымен билік органдары жетекшілерінің блогтары, ресми парақшалары қолданылып, баспасөз конференциялары мен брифингтер өткізіледі.