Abstract:
Оқу-әдістемелік кешен (бұдан әрі – ОӘК) «Қазақстан Республикасы аудандық маңызы бар қалаларының, ауылдарының, кенттерінің, ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау: сайлау процесінің құқықтық негіздері және сайлау комиссияларының жұмысын ұйымдастыру» семинары шеңберінде оқитын аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелеріне және сайлау процесінің басқа да қатысушыларына арналған.
ОӘК Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдары, кенттері, ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру мен өткізудің теориялық және практикалық мәселелерін қозғайтын төрт тақырыптан тұрады. Жекелеген тақырыптар таныстыру сипатында болады, бірақ әзірлеушілердің пікірінше, әкімдікке кандидаттарға және сайлау процесінің басқа да қатысушыларына білім беру және зерделеу үшін қажет.
Материалды үйренудің ыңғайлылығы үшін әр тақырыптың мазмұны бірнеше бөлімге бөлінеді. Сабақ соңында теориялық материалды бекіту үшін бақылау сұрақтары, кейстер, іскерлік ойындар, тест тапсырмалары түрінде ұсынылған.
Оқытушылар мен сертификатталған жаттықтырушыларға көмектесу үшін іскерлік ойындар сценарийлері және оларды өткізу бойынша әдістемелік ұсынымдар көзделген.