Abstract:
Сандық әдістерді (жаппай сауалнама), сапалық әдістерді (терең сұхбат),
алынған деректерді модельдеуді (регрессиялық, факторлық талдау) пайдалану
негізінде:
- таңдалған факторларға байланысты арналардың, технологиялардың,
әдістердің және байланыс түрлерінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік беретін
модель ұсынылды;
- пандемия кезінде қолданылатын арналарды, технологияларды, әдістер
мен байланыс түрлерін жіктеу критерийлері ұсынылды.
- Сараптамалық сұхбат және қайталама ақпарат көздерін талдау арқылы
анықталған пандемия жағдайында орталық және жергілікті мемлекеттік
органдар пайдаланған коммуникациялық стратегиялар, әдістер, тәсілдер,
технологиялар мен арналар айқындалды.
6
- Коммуникациялық стратегиялардың, әдістердің, тәсілдердің,
технологиялары мен арналарының критерийлері мен белгілері бойынша
жіктелуі зерттелді (талдау негізінде).
- Сараптамалық сұхбат пен жаппай сауалнама негізінде
коммуникациялық стратегиялардың, әдістердің, тәсілдердің, технологиялар
мен арналардың әрбір түрінің (тобының) тиімділік деңгейіне бағалау (саралау)
жүргізілді.
- Әлемнің басқа елдерінде, оның ішінде Хабқа қатысушы елдерде
қолданылған неғұрлым тиімді коммуникациялық стратегияларға, әдістерге,
тәсілдерге, технологиялар мен арналарға талдау жүргізілді.
- Байланыс арналарын жақсарту және ақпаратқа қол жетімділік
жағдайларына бейімделу бойынша ұсыныстар жасалды.
- Мемлекеттік органдар үшін дағдарыстық коммуникациялардың
заманауи әдістері мен құралдары туралы әдістемелік құрал әзірленді.
- Баспасөз қызметі қызметкерлерінің, уәкілетті мемлекеттік органдардың
лауазымды тұлғаларының дағдарыстық коммуникациялары бойынша
біліктілікті арттыру бағдарламасы әзірленді.