Abstract:
Жүйелі тәсіл негізінде мемлекеттік қызметтегі мүдделер
қақтығысын реттеу саласындағы заңнама мен құқық қолдану практикасына сыни
талдау жүргізілді.
мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысын реттеу саласындағы
қолданыстағы заңнамаға жүргізілген талдау нәтижелері бойынша
нормалар мен қайшылықтар анықталды;
• сенім бойынша басқаруды және мемлекеттік қызметте үй-жайды жалға
алуды жүзеге асыру кезінде мүдделер қақтығысының туындау қауіптері
айқындалды;
• ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Мемлекеттік
қызмет туралы» Заңдарына, мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексіне
және өзге де НҚА-ға мүдделер қақтығысын, оның ішінде сенімді
басқаруды жүзеге асыру кезінде реттеуге арналған өзгерістер мен
толықтырулар жобалары дайындалды;
• халықаралық тәжірибені талдау негізінде мемлекеттік қызметтегі
мүдделер қақтығысын басқару жөніндегі шаралар кешені айқындалды;
• сараптамалық сауалнама нәтижелері бойынша қабылданатын
шаралардың тиімділігіне баға берілді және зерттеу тақырыбы бойынша
ұсынымдар алынды;
• мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы институтын жетілдіру
бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.