Abstract:
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер мен мемлекеттік органдар
қызметінің тиімділігін бағалау жүйесіне кешенді талдау жүргізілді. Талдау
нәтижелері жүйелі проблемаларды көрсетті, оның ішінде бағалау жүйесінің
тұжырымдамасына да, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін
бағалаудың қолданыстағы әдістемесіне де және әрбір блок бойынша
мемлекеттік органның операциялық бағалау әдістемесіне де қатысты:
мақсаттарға қол жеткізу, мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен
өзара іс-қимылы, ұйымдастырушылық мінез-құлық.